Жаңалықтар

Қарағандыда ажырасу рәсімінде ер адам әйелін өлтіріп тастады

Қарағандыда ажырасу рәсімінде ер адам әйелін өлтіріп тастады
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 27.05.2023 03:01 658

Қарағанды облысында Бұқар жырау ауданының тұрғыны ажырасу рәсімі кезінде әйелін пышақтап тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Қайғылы оқиға облыстық АХАЖ бөлімінде болған. Жәбірленуші дереу медициналық мекемеге жатқызылғанымен аман алып қалу мүмкін болмаған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға