Жаңалықтар

Қарағандыда автобус жүргізуші есінен танған әйелдің өмірін сақтап қалды

Қарағандыда автобус жүргізуші есінен танған әйелдің өмірін сақтап қалды
Фото: Қарағанды облысы ПД 14.05.2023 13:49 647

Қарағандыдағы маршруттық автобустың жүргізушісі жолаушыны ауруханаға жеткізу үшін жолдан шығып кетті. Әйел кенеттен есінен танған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

ҚазАқпараттың жазуынша, оқыс оқиға қала ішінде қатынайтын №53 маршруттық автобуста болды. Әйел кенеттен есінен танып қалды. Жолаушылар есін жиғызып, көмек көрсете бастаған. Сол уақытта автобус жүргізушісі Алмас Мұратбек маршруттан ауытқып, есінен танып қалған әйелді Майқұдықтағы ауруханаға алып барған.

Жүргізушінің сөзінше, жолаушылар арасында автобустың бұрылып кеткеніне наразылық танытқандар да болған.

Жолаушылардың бірі бір әйелдің ауырып қалғанын айтқан кезде, мен кабинаны желдету үшін автобустың алдыңғы есігін аштым. Содан кейін мен ойланбастан ауруханаға тарттым. Осы кезде кейбір жолаушылар біз бағыттан ауытқып кеттік деп ашулана бастады. Бірақ мен «Қазір ең бастысы адам өмірі, сондықтан мен үшін қазір сол ғана маңызды, ұрыспаңыздар!" дедім. Осыдан кейін барлығы тынышталды, - дейді Алмас Мұратбек.

Әйел ауруханаға жеткізілгеннен кейін оны дәрігерлер автобустан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Науқасты дәрігерлер қарады, ауруханаға жатқызуға айтарлықтай негіз болған жоқ. Кейін ол амбулаториялық емделуге жіберілді, - деп түсіндірді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Науқасты ауруханаға жеткізген соң, қалған жолаушыларды автобус жүргізушісі қажетті аялдамаларға жеткізді.

Мен бәрін межелеген орындарына апардым. Ал кешке ауруханаға қоңырау шалып, ауырып қалған жолаушы әйелдің жағдайы туралы сұрап қоңырау шалдым. Олар науқастың жағдайы жақсы екенін айтқан кезде қуандым, - дейді Алмас Мұратбек.

Автобустың маршруттан ауытқып кеткені туралы автопарк басшылығы кейінірек білген. Алайда жүргізушінің айтуынша, басшылар бұған түсіністікпен қараған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға