Жаңалықтар

Қарағандыда алаяққа сенген зейнеткер 750 мың теңгесінен айырылып қалды

Қарағандыда алаяққа сенген зейнеткер 750 мың теңгесінен айырылып қалды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 30.05.2024 17:45 370

78 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны телефон соққан алаяққа сеніп, оған 750 мың теңгесін аударып жіберген. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлеріне банктің қауіпсіздік бөлімі хабарласып, зейнеткердің белгісіз есеп-шотқа ақша аударып жатқанын айтқан.

Тәртіп сақшылары зейнеткермен кездесіп, жағдайды түсіндіргеніне қарамастан, ол өзінің айтқанынан қайтпай, алаяқтарға ақшасын аударып жіберген. Кейін оның жақындарын тауып, зейнеткер өз-өзіне келгенде алаяқтардың арбауына түскенін біліп, полицияға арыз жазды, - делінген хабарламада.

Қарағанды облысы полиция департаменті облыс және қала тұрғындарына тағы да банк, полиция немесе басқа да құқық қорғау органдары ешқашан қоңырау соғып жеке деректерді сұрамайтынын еске салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға