Жаңалықтар

Қарағандыда адам өлтірді деген күдікпен Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды

Қарағандыда адам өлтірді деген күдікпен Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды
Фото: El.kz 21.03.2024 21:51 513

Жоғалып кеткен павлодарлық қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды. Ер адам Қарағанды облысы аумағында аса ауыр қылмыс жасаған болуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап. 

Күдікті бұған дейін туыстары оның жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

21 наурыз күні полиция қызметкерлері Қарағанды облысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын ұстады. Бұған дейін оны туыстары із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлаған.

Қазір күдікті қамауға алынған соң  тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жариялауға жатпайды. 

Ал Павлодар облысы полиция департаменті қамауға алынған азаматтың жоғалып, табылған павлодарлық екенін растап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға