Жаңалықтар

Қарағандыда 146 келі марихуана мен 94 келі гашиш тәркіленді

Қарағандыда 146 келі марихуана мен 94 келі гашиш тәркіленді
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 08.01.2024 21:12 499

Қарағандылық полицейлер есірткі тасымалдаушылардан 146 келі марихуана мен 94 келі гашиш есірткісін тәркіледі. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Алматы – Екатеринбург тас жолында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Түнгі сағат 03:30 шамасында полиция қызметкерлері қалаға жақын маңдағы ауылдардың бірінің маңынан 38 жастағы азаматтың басқаруындағы жеңіл автокөлікті ұстады. Көлікте 41 жастағы жолаушы болған. Автокөліктің Жамбыл облысы Шу қаласынан келе жатқаны анықталды. Көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында көліктен ірі көлемдегі есірткі заттары анықталды, - делінген мәліметте.

Сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктілердің әкеле жатқан заты 146 келі марихуана және 94 келі гашиш екені белгілі болды. Оларға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға