Жаңалықтар

Қарағандыда 1 млрд теңге негізсіз жұмсалмақ болды

Қарағандыда 1 млрд теңге негізсіз жұмсалмақ болды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 18.03.2024 11:24 352

Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы жалпы сомасы 985 156 250 теңге болатын ауданды мерекелік безендіру бойынша үш жылдық конкурстың күшін жойды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Облыс прокуратурасының мәліметінше,  оған бір жылдан астам мерзімге шарт жасасу негіздерінің толық тізбесі көзделген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының бұзылуы негіз болды.

Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту қаржылық тұрақтылық көрсеткішіне негізделген әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектеген.

Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігінің конкурсының күші жойылып, конкурсты 1 қаржы жылына жариялау талаптарына сәйкестендірілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға