Жаңалықтар

Қарағанды тұрғынынан акциздік маркалары жоқ темекі табылды

Қарағанды тұрғынынан акциздік маркалары жоқ темекі табылды
Фото: ҚМА 27.02.2023 09:25 746

Агенттіктің облыстық департаментінің қызметкерлері көлеңкелі экономика саласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ҚМА мәлімдеді.

Шара барысында қала тұрғынының заңсыз кәсіпкерлік қызметі әшкереленді.

Қоймаларды тінту кезінде жалпы сомасы 432 мыңнан астам қорапты құрайтын әртүрлі маркалы және атаудағы темекі өнімдері табылып, тәркіленді.

Мамандардың қорытындысына сәйкес, есепке алынбаған тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 280 миллион теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

ҚМА көлеңкелі экономикамен күрес жұмысын жалғастыратын болады. Өткен жылдың өзінде ғана Агенттік қабылдаған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейін 19,7%-ға дейін төмендетуге оң әсер етті. Бұл ретте болжамдық мән 21,5%-ды құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға