Жаңалықтар

Қарағанды тұрғынынан 39 орам синтетикалық есірткі тәркіленді

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Қарағанды тұрғынынан 39 орам синтетикалық есірткі тәркіленді
Фото: polisia.kz 07.02.2023 13:46 897

Қарағандылық полицейлер қала тұрғынынан 39 орам синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қарағанды қалалық полиция басқармасы, патрульдік полиция полкінің жасағы Бұқар-Жырау даңғылының бойында қызмет атқару барысында, аталған аумақтағы көп қабатты үйлердің бірінің маңынан күдік тудырған азаматты байқаған. Кейін, полиция қызметкерлері 32 жастағы күдік тудырған азаматты ұстаған. Оны тексеру барысында тәртіп сақшылары азаматтан 39 орам ұнтақ тәрізді заттар тәркіледі. Күдікті бұл заттарды тауып алдым деп полицияны сендірмекші болған.

Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген ұнтақ заттар 7,28 грамм психотропты синтетикалық есірткі зат екені анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөліміне (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға