Жаңалықтар

Қарағанды тұрғындары бір жыл бойы электрге тарифті артығымен төлеп келген

Қарағанды тұрғындары бір жыл бойы электрге тарифті артығымен төлеп келген
Фото: egemen.kz 08.12.2022 16:21 1444

Қарағанды облысының тұрғындары электр энергиясына тарифті бір жыл бойы артығымен төлеп келген.  Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қарағанды ​​облысында электрмен жабдықтау қызметтеріне баға белгілеу мониторингі жүргізілді. Электр энергиясын жеткізуші ұйымдарда өндірушілер бағасының өскенін растайтын шот-фактуралар болмаған.

«Уәкілетті органмен бірлесе атқарылған шаралардың қорытындысы бойынша болжамды баға өсімі төмендетілді. Осылайша, облыс халқы бір жыл ішінде жалпы сомасы 2,5 млрд теңгені құрайтын электр энергиясы үшін тарифтен артық төлем жасаудан қорғалды», - деді Саян Ахметжанов.

Сонымен қатар, Халыққа тарифті негізсіз асыра көрсету фактілерінің анықталғанын ескере отырып, Балқаш қаласының тұрғындары үшін 133 млн теңгеге жылумен және сумен жабдықтау, су орнату қызметтеріне 92 млн теңгеге төмендетілген өтемдік тариф енгізілгенін атап өтті.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға