Жаңалықтар

Қарағанды шахтасында қайтыс болғандар саны 43 адамға жетті

Қарағанды шахтасында қайтыс болғандар саны 43 адамға жетті
Фото: Ашық дереккөзден 29.10.2023 18:25 560

Қарағандыдағы шахтада қаза тапқандар саны 43 адам болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖ министрі жетекшілік ететін апатты жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Шұғыл медициналық көмекті қамтамасыз етуде 21 адам және 7 бірлік жедел медициналық жәрдем техникасы жұмылдырылдыған. Бұдан басқа, ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖД-да республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істеп тұр. 

Қазір апатты жою жөніндегі штаб өкілдері 3 кеншіні іздеуді жалғастырып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға