Жаңалықтар

Қарағанды шахтасында 4 адам іздестіріліп жатыр

Қарағанды шахтасында 4 адам іздестіріліп жатыр
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 17.08.2023 22:22 525

Нақтыланған ақпараттар бойынша, бүгін өрт болған «Қазақстан» көмір шахтасынан бұған дейін хабарланғандай екі адамның емес бір адамның денесі шығарылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның атқарушы директоры Виктор Гафиулов мәлімет берді.

Осы уақытта тағы 4 адам іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, бүгін, 17 тамыз күні сағат 10:05-те «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Апатты жою жоспары енгізілді.

Шахтада 227 адам болған, олардың 182-сі эвакуацияланып, 45 адам шахтада қалып қойды.

Кейінірек 222 адамның эвакуацияланғаны хабарланды. Қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағынданған. Ал 5 адамның тағдыры белгісіз еді.

Кейінірек хабарсыз кеткен екі кеншінің табылғаны белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға