Жаңалықтар

Қарағанды-Саран тас жолында көлік апатынан бір адам қаза тапты

Оқиғаның мән-жайы анықталуда
Қарағанды-Саран тас жолында көлік апатынан бір адам қаза тапты
Фото: polisia.kz 15.04.2023 19:15 2945

Қарағанды-Саран тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

15 сәуір сағат 17:30 шамасында Қарағанды-Саран тас жолында, Ақтас кентінен 2 шақырым жерде ВАЗ-2115 және Hyundai Elantra автокөліктерінің қатысуымен ЖКО болды.

Оқиға салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға