Жаңалықтар

Қарағанды облысындағы шахтада қайтыс болғандар саны 20 адамға жетті

Қарағанды облысындағы шахтада қайтыс болғандар саны 20 адамға жетті
Фото: Ашық дереккөзден 28.10.2023 11:51 905

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы болған өрттен қайтыс болған кеншілер саны 20-ға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін таңда аталған шахтада оқыстан өрт шығып, 11 адам қайтыс болған еді. Сонымен бірге, 18 адам аурухана жеткізілді. Алайда уақыт өтпестен тағы 5 адамның қайтыс болғаны анықталды. Оқыс оқиға кезінде 252 адам шахтада жұмыс істеген. Олардың 205-і жер бетіне шығарылды. 

Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтып, үкіметке "АрселоМитталТеміртаумен" ынтамақтастықты тоқтатуды тапсырды. Ал премьер-министр оқиғаға орнындағы Костенко шахтасындағы апаттың себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссияны басқаратын болды. 

Бұдан Бас прокуратура оқиға орнында апатты себебіне қатысты тергеу амалдарын бастады. Соынме бірге, төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов апатты жою бойынша штабқа жетекшілік етуде. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға