Жаңалықтар

Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Фото: © Polisia.kz 20.06.2023 22:04 775

20 маусым күні сағат 18.15 шамасында республикалық маңызы бар Алматы - Екатеринбург тас жолында, Қарағанды қаласына 20 шақырым жетпей Toyota Camry және Nissan автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам, оның ішінде екі көліктің жүргізушілері алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Екі кәмелеттік жасқа толмаған бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды, - деп хабарлады полицейлер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға