Жаңалықтар

Қарағанды облысында жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Қарағанды облысында жоғалған ер адамның мәйіті табылды
Фото: polisia.kz 22.02.2023 21:46 1111

Қарағандыдан көлікке мінген екі ер адам «Алайғыр» кен орнына жол жүрген. Кен орнының күзетшілері ер азаматтың біреуін кен орнынан 5 шақырым жерде тапқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыстық ТЖД хабарлағандай, ер адам ауруханаға жеткізілді.

Екінші жоғалған адамды іздеу жұмыстарына құтқарушылар тартылды. Нәтижесінде оның мәйіті кен орнынан алты шақырым жерде табылды.

«ТЖ департаменті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалғанын еске салады. Ауа райының нашарлауы кезінде алыс қашықтыққа, әсіресе түнде шығуды және жаяу жүруді шектеу қажеттілігі туралы ескертеміз», - делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға