Жаңалықтар

Қарағанды облысында қайтыс болған кеншілер саны 32 адамға жетті

Қарағанды облысында қайтыс болған кеншілер саны 32 адамға жетті
Фото: akorda.kz 28.10.2023 17:21 1282

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт салдарынан 32 кеншінің бақилық белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін 28 кеншінің денесі табылғаны айтылған еді. Сонымен бірге, 18 адамның іздеуде екені айтылды. Ал «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы көмір департаментіне қарасты шахталардың жұмысы алдағы тәулікте тоқтатылатынын мәлімдеді. Алдағы уақыт ішінде газды қорғау бойынша тексерулер жүргізілмек. 

Белгілі болған дерек бойынша, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасындағы апаттан кейін 14 адам табылмай жатөаны мәлім болды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір депратаментінің персонал жөніндегі директоры Еркебұлан Мұқанов айтуынша іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға