Жаңалықтар

Қарағанды облысында қарсыласының көлігіне оқ атқан азамат ұсталды

Қарағанды облысында  қарсыласының көлігіне оқ атқан азамат ұсталды
Фото: Polisia.kz 28.03.2023 12:49 623

30 жастағы ауданға қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны полицейлерге белгісіз біреу бұзақылық әрекеттер арқылы үйінің ауласында тұрған көлігіне үш рет оқ атып, қашып кеткені туралы хабарлады, деп мәлімдейді El.kz ақпараттық агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленуші ешқандай жарақат алмаған, оның көлігі ғана зардап шеккен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды.

ҚР ҚК 24-99 “Адам өлтіруге оқталу“ бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған азамат жәбірленушімен бұрын болған кикілжіңнен кек алу мақсатында аңшы мылтығынан оқ атқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Мылтық тәркіленді.

Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға