Жаңалықтар

Қарағанды облысында қар құрсауынан 5 адам құтқарылды

Қарағанды облысында қар құрсауынан 5 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 30.12.2023 19:46 833

Өткен тәулікте Қарағанды облысының автожолдарында ТЖД күштерімен қар құрсауында қалған 13 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ТЖД және 52859 ә/б күштерімен жақын маңдағы кемпингтер мен елді мекендерге 435 адам, оның ішінде 42 бала эвакуацияланды.

ЖАО бірлесіп 186 адам, оның ішінде 24 бала жылыту пункттерінде орналастырылды. Бұқар Жырау ауданында ауа-райына байланысты мал жаю кезінде адасқан 3 ер адамды іздеу жүргізілді. Жоғалған адамдар Красная Нива ауылынан 2 км қашықтықта табылды.

ТЖМ елді мекендерден тыс жерлерге көлікпен және жаяу шығудан бас тартуды сұрап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға