Жаңалықтар

Қарағанды облысында барлығы 90 мың көшет отырғызылмақ

Қарағанды облысында барлығы 90 мың көшет отырғызылмақ
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі 23.04.2024 12:00 288

Қарағанды облысының өртенген орманына 90 мың қарағай көшеттері отырғызылатынын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігі хабарлады. Орманды қалпына келтіру жұмыстары «Таза Қазақстан» жобасы аясында жүргізілмек. Көшет отырғызу Қарағанды қаласының 90 жылдығына жоспарланып отыр.

Қарағандыда Майқұдық саябағында "Жастар Аллеясы" атты жаңа аллея ашылды. Мұнда 500 көшет отырғызылды. Ағаш отырғызу аясында Қарағандыда барлығы 3 мың көшет егіледі.

Теміртауда барлығы 5 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарда бар. Ал бүгінде 670 ағаш егілді. Теректер Абай даңғылында да отырғызылды. Қала көшелеріне 150 көшет егілді. Эко шараға тұрғындар белсенді қатысты. Қарқаралыда 200 қараған, терек және қарағаш көшеттері отырғызылды.

Жалпы ел болып жүргізіліп жатқан тазалық шарасы 13 мамырға дейін жалғасады. Әр апта белгілі бір атаумен өтеді.  

Қарағанды облысында барлығы 90 мың көшет отырғызылмақ

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігі

Ағаш отырғызу аясында Қарағандыда барлығы 3 мың көшет егіледі. Экологиялық акцияға "Отражение" қоғамдық эко қозғалысының өкілдері, қоғам белсенділері мен қала тұрғындар қатысты. 

Бүгін жастармен бірге Теміртау экологиясын жақсартуға өз үлесімізді қостық. Қаланы көгалдандырумен төртінші жыл қатарынан айналысып келеміз. Біз ағаштарға күтім жасау жауапкершілігін өз мойнына алатын тұрғындарға көшет таратамыз. Үш жылдың қорытындысына сай, желектердің жерсіну деңгейі 90% құрағанын көріп отырмыз. Демек, біздің тұрғындар ағаштарды күтуге жауапкершілікпен қарайды, – дейді эко-белсенділердің жетекшісі Елена Варганова.

Қарағанды облысында барлығы 90 мың көшет отырғызылмақ

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға