Жаңалықтар

Қарағанды облысында әйелге әдейі АИТВ жұқтырған ер адам сотталды

Қарағанды облысында әйелге әдейі АИТВ жұқтырған ер адам сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 12.06.2024 18:01 336

Шахтинск қаласының тұрғыны төрт жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2015 жылы ер адамға АИТВ диазнозы қойылып, емделуден бас тартқаны және өзгелерге жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертілген. Дегенмен жеті жыл бойы бірге тұрған әйел оның диагнозы туралы бейхабар болған. Салдарынан әйел вирусты жұқтырып, кейіннен қайтыс болған.

Сотта ер адам өз кінәсін мойындаған жоқ.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 118-бабы бойынша кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға