Жаңалықтар

Қарағанды облысында атыс болып, бір адам жараланды

Қарағанды облысында атыс болып, бір адам жараланды
Фото: Видеодан кадр 31.03.2024 23:04 436

Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде атыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы полиция департаменті жанжалға қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады. Оқиға салдарынан ер адам медициналық мекемеге аяғынан оқ жарақатымен түсті.

31 Наурызда Ағадыр кентінің медициналық мекемесіне жергілікті тұрғын оқ жарақатымен жеткізілді. Полицияда кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды, - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Ведомство бұл қылмыстық істі тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға