Жаңалықтар

Қарағанды облысында апат болған шахтада іздеу жұмыстары жалғасуда

Қарағанды облысында апат болған шахтада іздеу жұмыстары жалғасуда
Фото: Ашық дереккөзден 29.10.2023 12:25 492

Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап. 

Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен істеуде. Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жалғасып келеді.

Құтқару күштері кеншілерді іздеуге шоғырланып, аталған жұмыстар электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық тудырып отыр.

Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілу үстінде. Апат орнында ашық жану ошақтары жоқ.

Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қазір барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түскені белгілі болды. Сондай-ақ, 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға