Жаңалықтар

Қарағанды облысында әкім қыз зорлады деген күдікке ілінді

12.05.2025 10:18 617
Қарағанды облысында әкім қыз зорлады деген күдікке ілінді

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшатау ауылының әкімі 23 жастағы бойжеткенді зорлалы деп күдікке ілінді. Қазіргі уақытта экс-шенеунік қамауда отыр,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақпараттың мәліметінше, күдікті 2023 жылы Ақшатау ауылына әкім болып сайланған — Сейілбеков Нұрлан Төкенұлы. Әлеуметтік желілерде ауыл әкімін бірнеше жыл бойы оның қарамағында жұмыс істеген қызын қорлады деп айыптаған әйелдің бейнеүндеуі жарияланды. Бұдан бөлек, күдікті зардап шеккен қыздың ата-анасымен дос болған.

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау камерасында отыр.

Шет ауданының 23 жастағы тұрғынының өтініші бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сол күні полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Соттың санкциясы бойынша оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қадағалау органы сот алқасына жеке апелляциялық өтінішхат жолдады. Өтініш қанағаттандырылып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесі аясында өзге ақпарат жарияланбайды, — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Жағдайға Шет аудандық әкімдігі де түсінік берді. Белгілі болғандай, күдікті Ақшатау ауылының басшысы қызметін атқармаған.

Қылмыстық іс қозғалған кезде ол кент әкімі қызметін атқармады. Бұл іс жеке сипатқа ие, — деп хабарлайды Шет аудандық әкімдігі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға