Жаңалықтар

Қар, тұман, көктайғақ: Бейсенбі күнге ауа райы болжамы

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті
Қар, тұман, көктайғақ: Бейсенбі күнге ауа райы болжамы
Фото: El.kz 16.02.2023 09:10 763

«Қазгидромет» РМК болжамынша, 16 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы қалыптасады. Онымен республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын, екпінді жел, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сондай-ақ ел бойынша тұман мен көктайғақ болжанады.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз Атырау облысының шығысында, орталығында қатты қар күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға