Жаңалықтар

Қар, тұман, көктайғақ: 27 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қар, тұман, көктайғақ: 27 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 27.10.2023 07:24 465

Қазгидромет 27 қазанда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с. 

Атырау облысының шығысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. 

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде көктайғақ, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. 

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға