Жаңалықтар

Қар, тұман: 3 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Күн райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Қар, тұман: 3 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: qazaqstan.tv 02.02.2023 22:25 842

3 ақпанда елдің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр мен қар жауады күтілуде. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғуы ықтимал. Ал Алматы қаласында түнде және таңертең тұман болады, - делінген Қазгидромет таратқан хабарламада.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ сақталады, тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр мен қар күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Павлодар облысының батысында тұман болады деп болжанып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға