Жаңалықтар

Қар, бұрқасын: 21 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Елімізге антантикалық циклон әсер етеді
Қар, бұрқасын: 21 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: egemen.kz 21.02.2023 06:24 860

21 ақпанда елімізде қар жауып, бұрқасын соғады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республика аумағына атлантикалық циклон жырасы әсер етеді. Соған байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

Қар жауып, бұрқасын соғады деп болжануда. Батыс және шығыс аудандарда және оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Тек оңтүстік-шығыс аймақта және оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. Бүкіл ел бойынша көктайғақ болып, жел күшейеді, тұман түседі.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде қалың қар түседі деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға