Қар аралас жаңбыр жауады: 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қар аралас жаңбыр жауады: 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: Қазгидромет орталығы

Қазгидромет орталығы 3-5 қарашаға арналған ауа райы мәліметін жариялады. 

Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің батысында 4-5 қарашада солтүстік-батыс циклонының жақындауына байланысты жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі.

3 қарашада шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен қар түрінде), сондай-ақ көктайғақ құбылыстары болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, – деп жазды орталық. 

Мамандардың айтуынша, ауа райы құбылмалы болғанымен, температура айтарлықтай өзгермейді.

Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +13+21°С-тан +6+19°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +13+18°С-тан +10+15°С-қа дейін төмендейді. Қазақстанның қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді, – делінген Қазгидромет орталығының мәліметінде.

 

Оқи отырыңыз