Жаңалықтар

Қапшағайда бойжеткен суға батып кетті

Қапшағайда бойжеткен суға батып кетті
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 10.08.2023 15:29 981

Алматы облысында 2002 жылы туған қыз түнгі мезгілде белгіленбеген жерде суға түсіп батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Қапшағай су қоймасында болды. Бір топ жас суға түсу үшін белгіленбеген жерде, «Пионер» демалыс аймағының маңындағы тоғанның жанында демалып жатқан.

Оқи отырыңыз:

Жастар мас күйде суға түскен. Бойжеткен тереңге дейін жүзіп, суға батып кеткен.

Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, бұл су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болуы мүмкін.

Қауіпсіздік ережелерін бұзған 5 азамат ҚР «Әкімшілік жауапкершілік туралы» кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген мәліметте.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертулер мен тыйым салу белгілері бар, ескерту тақталары ілінген жерлерде суға түсуге, сондай-ақ жүзуге жабдықталмаған, бейтаныс жерлерде суға түсуге қатаң тыйым салынатынын ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға