Жаңалықтар

Қапшағай су қоймасы соңғы он жылда алғаш рет 100 пайызға толды

Қапшағай су қоймасы соңғы он жылда алғаш рет 100 пайызға толды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 26.08.2024 09:43 424

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 18 млрд текше метрден артық су жинап, 100%-ға толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің мәліметінше, су қоймасы Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінің суын жинайды.

Биыл көктемде секундына 900 текше метрге дейін су келген. Мамандар мұнын себебін Тянь-Шань мұздықтарының еруі мен жауын-шашынның көп болуымен байланыстырады.

Қапшағай су қоймасы соңғы рет 2014 жылы 100%-ға толған болатын. Суару маусымы басталғалы Шеңгелді алқабының 6 мың гектар және Ақдала алқабының 28 мың гектар жеріне су берілуде. Бүгінгі таңда шаруалардың сұранысы бойынша секундына 750 текше метр су жіберіліп жатыр, - деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Медет Керімжанов.

Қазір Қапшағай су қоймасында 16 млрд 200 млн текше метр су бар. Облыста вегетация кезеңі қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Одан кейін су тасқыны кезеңіне дайындық басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға