Жаңалықтар

Қаңтардан кейін халық пен билік арасында «тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы орнады

Қанды қаңтардан кейін Мемлекет басшысы экономикаға дереу көңіл аударды
Қаңтардан кейін халық пен билік арасында «тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы орнады
Фото: El.kz 15.12.2022 18:51 1746

Қанды қаңтар жазықсыз жандарды да бірге ала кетті. Көптеген азаматтар оның ішінде, өрімдей жастардың болашағына қара таңба басылды. Бұл тарапта көптеген заңгер-адвокаттар кінәсіздердің құқығын қорғады. Солардың бірі –  Алматы қаласы заң консультанттары палатасының орынбасары Ғабит Өмірбеков.

Заңгердің айтуынша, сол кезде көптеген азаматтар қамаққа алынып, Алматы қаласында жағдай ушыққанын еске алды.

 «Осы орайда мен өзім тікелей қаңтар оқиғасына байланысты көп азаматтардың құқығын қорғадым. Оның ішінде 100 шақты адамға арыз жазып, өзінің туысын іздеуде полиция мен бірлесе қызмет атқарып, көмек көрсеткен заңгерлердің қатарынан табылдым», – деді ол.

Сондай-ақ, Президенттің қаңтар оқиғасына қатысты рақымшылық туралы заңға қол қоюуын заңгер ретінде дұрыс шешім деп есептейтінін айтты.

«Рақымшылық туралы заң өте дұрыс шешім деп санаймын. Бұл заң дұрыс бектілді. Дегенмен көпшіліктің пікірінше, рақымшылыққа іліндік болды, қылмыстық жауапкершіліктен босатылдық деп ойлайды. Шындығында олай емес. Рақымшылыққа ілігу үшін белгілі талаптар бар. Яғни, жаппай тәртіпсіздікке қатысқанын мойындау (қылмыстық кодекстің 272 бабы бойынша) және екінші рет мұндай іске бармаймын деп талап-тілегін білдіру керек. Осы арқылы босатыла алады. Бірақ бұл жағдайда ҚР Бас Прокурорының құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу комитеніне ілінуі мүмкін. Өйткені, күдікті болып танылғасын. Оны олар базаға енгізіп, кінәсін мойындағасын кешірім жасап, рақымшылық жариялап қылмыстық жауапкершіліктен босатады, – дейді.

Ал мүлдем қатысымыз жоқ және рақымшылыққа ілінбейміз дейтіндерге заңгер былай деді.

«Олар жаппай тәртіпсіздікке қатыспадық немесе жай ғана өтіп бара жатттық. Сонда не үшін базаға күдіктілердің қатарына қосылуымыз керек деп өздерінің талабын білдіретіндер бар. Сондықтан да мұның дұрыс және бұрыс жағының да әсері көп», – екенін тілге тиек етті.  

Заңгер қанды қаңтардың басталуына елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмен болуы деп санайды.

«Банктің ақпаратына сүйенсек, 1,5 миллионан астам азамат несиесін төлей алмай жүр. Бұдан бөлек, жұмыссыздық, бағаның күрт көтерілуі, инфляцияның өсуі себеп. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның экономикасының құлдырауына орай, халық өзінің талап-тілегін айтуға алаңға шығуға мәжбүр болды. Соны радикалдық топтар өзінің тиімділігіне пайдаланып, қарапайым халықты адастырып, бейтаныс тұлғалардың жаппай тәртіпсіздікті бастауына себепші болды», – дейді.  

Бүгінде бірнеше уәкілетті және атақты тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, толыққанды жан-жақты объективті зерттеліп жатқанын атап өтті.

«Кінәлілердің бәрі темір торға қамалды. Ұйымдастырушылар, зорлаушылар, адам өлтіргендер мен тонаушылар бұлар рақымшылыққа ілікпейді. Рақымшылық тек қана жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға қатысты. Қаңтар оқиғасының шындығы ашылды деп ойлаймын және жауапты адамдар жазасын алды деп есептеймін.

Қанды қаңтардан кейін Мемлекет басшысы экономикаға дереу көңіл аударды. Оның ішінде, жұмыссыздық, жемқорлықпен күрес, тергеушілердің қылмыстық істерді әділ тергеуге және әділ шешім шығару үшін судьяларға мән берді. Көптеген мәселенің беті ашылып, Президентке дейін жетті деп санаймын. Қазіргі таңда Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің дұрыс саясатының арқасында бәрін реттеп, өз орнына келтіру үстінде», – дейді заңгер.

Заңгер билік бұл оқиғадан сабақ алып, бұдан былай қайталанбағанын тілейді.

«Осыны сабақ ретінде қабылдап, халықпен билік арасында «тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы орнады. Яғни, олардың уәждері мен арыз-шағымын билік тыңдауы тиіс. Бұдан бөлек, Ата Заңға түрлі өзгеріс енді. Жуырда ғана банкроттық туралы заң күшіне еніп, қоғамның талабы орындалуда», – деді Алматы қаласы заң консультанттары палатасының орынбасары Ғабит Өмірбеков.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға