Жаңалықтар

Қаңтарда зардап шеккендерге 2 млрд-тан астам төлемақы берілді

Зардап шеккен 540 азамат пен олардың отбасына мемлекет тарапынан материалдық көмек бөлінді
Қаңтарда зардап шеккендерге 2 млрд-тан астам төлемақы берілді
Фото: El.kz 06.01.2023 15:30 4414

Мемлекет тарихында ерекше орын алған қаңтар оқиғасына бір жыл толып, қақтығыс кезінде орын алған залалдар қалпына келтірілді. Қорытынды шықты, қылмыскерлер жазаланып, жазықсыздар ақталды. Бас прокуратураның қаңтар оқиғасы туралы қорытындысына сәйкес El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі шолу жасап, назарларыңызға ұсынады.

Бейбіт шеру болып басталған көтерілістің арты үлкен дауға айналды. Аталмыш көтерілістен кейін мемлекетті басқарудағы билік өзгеріске ұшырап, саяси реформалар қабылданды. Кейбір мәселелер халық мүддесіне шешіліп, азаматтық қоғам құқығының әлеуеті артты.

Қақтығысқа қатысушыларды негізінен үшке бөліп қарастыруға болады: ұйымдастырушылар, арандатушылар және арандап қалғандар. Қазақстанда саяси режимді өзгерту және халықтың билік етуіне мүмкіндік беру талабымен төңкеріс жасау әрекеті экономикадан бұрын қоғам татулығына кері әсер етті. 

Қаңтарда зардап шеккендерге 2 млрд-тан астам төлемақы берілді

Көтеріліс кезінде зардап шеккен мемлекеттік мекемелер мен бизнестерді қайта қалпына келтіру үшін миллиардтаған қаржы бөлінді. Ал зардап шеккен жандарға 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Кейбір отбасыларда орны толмас қайғы орын алды. Мерт болған 19 орган қызметкерінің отбасына баспана берілді. Сонымен қатар, қайтыс болған азаматтардың отбасыларына адам орны тотырылмаса да материалдық көмек көрсетіліп, балаларына мемлекет тарапынан көмектер ұсынылды. 

Қаңтарда зардап шеккендерге 2 млрд-тан астам төлемақы берілді

Оған қоса балаларға жергілікті балабақшалардан кезексіз орын алу құқығы;

- балаларға жоғары оқу орындарында тегін білім алу құқығы;

- жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларына бала кәмелетке толғанға дейін қызметкердің айлық жалақысының 40%-ы;

- мүгедек және қызметке жарамсыз деп танылатын қызметкерлердің жалақысының 50%-ы төленетін болады.

Ұйымдасқан топтар әкімшіліктер мен сауда үйлеріне ғана емес, денсаулық объектілеріне де зиянын тигізген. Болашақа осындай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында медициналық мекемелерге арналған заңнамалық негіздер күшіне енді.

Қаңтарда зардап шеккендерге 2 млрд-тан астам төлемақы берілді

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға