Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан азаматтардың балаларына білім гранты беріледі

Білім гранттарын ««Қазақстан халқына» қоры тағайындайды
Қаңтар оқиғасында қаза тапқан азаматтардың балаларына білім гранты беріледі
Фото: almaty.tv 18.01.2023 04:35 890

«Қазақстан халқына» қоры қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың балаларына және жараланған балаларға білім беру гранттарын тағайындайды, деп хабарлайды El.kz аталған қорға сілтеме жасап.

Қордың Қамқоршылық кеңесі білім беру гранттары бойынша бағдарламаның шарттарын кеңейту және оған өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

Қайғылы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан ҚР азаматтары мен жараланған балалардың отбасыларына одан әрі қайырымдылық көмек көрсету және қолдау мақсатында білім беру гранттары бойынша қолданыстағы «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» бағдарламасына 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен ҚР қаза тапқан азаматтарының балаларына және жараланған балаларға гранттар мен стипендиялар беру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, - делінген хабарламада.

Биылғы оқу жылында бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан және ауылды жерден 2 267 студент білім гранттарына ие болды, олар еліміздің 85 жоғары оқу орнында білім алуда. Сондай-ақ қайырымдылық бағдарламасы аясында барлық студенттер үшін ай сайынғы материалдық қолдау (стипендия) қарастырылған.

Бағдарламаға қатысушы басқа санаттардан айырмашылығы, Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматтарының балаларына және жараланған балаларға тек жоғары білімнің (бакалавриат) білім беру бағдарламалары бойынша ғана емес, сонымен қатар ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) мамандықтары бойынша, яғни еліміздің колледждерінде оқу үшін білім беру гранттары беріледі.

Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға