Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы қалпына келтірілуде

Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы қалпына келтірілуде
Фото: El.kz 14.12.2022 12:21 4024

2022 жылдың қаңтар айында орын алған оқиға тарихта қайғылы кезең ретінде жазылып қалды.  Жаңа жылдық демалыста Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шерудің арты республика көлемінде тәртіпсіздікке әкеліп соқты. Жыл соңына дейін залал келтірілген мекемелерге жөндеу жұмыстары мен түрлі тергеу нәтижелері шықты. 5-14 қаңтар аралығында мәйітханаларға қаза тапқан 225 адам жеткізілген. Олардың бір бөлігі — терактілерге қатысқан, ғимараттар мен құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасаған қарулы қарақшылар. Қаза болғандардың 19-ы — полицейлер және әскери қызметкерлер еді. Шығынға ұшыраған бизнестер қалпына келтірілгенімен, қара жамылған отбасылар үшін орны толмас қайғы болды. Төменде аталмыш оқиғаның толық хронологиясын көрсетілді.

Барлығы 2-ші қаңтар күні сұйытылған газ бағасының екі есе өсуіне қарсы жаппай наразылықтардан басталды. Бұл жаңалыққа Маңғыстау облысынан Жаңаөзен, Ақшұқыр, Құрық ауылдарының тұрғындары бірден наразы болып митингке шығады. Ол кезде құқық қорғау органдары күш пен құрал қолданылмады.

Келесі күнінде наразылық акциясын қолдау мақсатында Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалаларында бейбіт митинг жарияланды.

Митингтің үшінші күнінде халық арасында іріткі салушылар байқалды. Көтеріліске шыққан өңірлер саны 11-ге жетіп, адамдар рұқсатсыз жаппай жинала бастады. Қатысушылар саны 37 мың адамға көбейді. Маңғыстау облысының белсенділері сұйытылған газ бағасын реттеу бойынша қоғамдық штаб құрылатынын да мәлімдеді. Сол күні Ақтаудағы «Ынтымақ» алаңына жиналған белсенділермен үкіметтік комиссияның отырысында сұйытылған газдың құны төмендетіліп, Маңғыстау облысында литріне 50 теңгеден белгіленетіні белгілі болды. Бірақ, екі ірі мегаполисте бүлікшілер тәртіпсіздік таныта бастады. 4 қаңтардан бастап құқық қорғау органдарына жедел алдын алу операциясын орындауға бұйрық берілді.

Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы қалпына келтірілуде

Фото: El.kz (қалпына келтірілген ғимараттар)

Қаңтардың 5-не өткен түні Алматы қаласында бейбіт митинг жаппай тәртіпсіздік басталады. Барлық өңірлер бойынша шерушілер саны 50 мыңға жетіп, қарулы қарақшылар әкімшіліктерді ғана емес, қала орталығындағы дүкендер мен сауда үйлеріне залал келтіреді. Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемелер мен президент резиденциясына өрт қойылды. Жағдайдың шиеленісуі нәтижесінде Президент Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізді. Себебі, дәл осы күні қақтығыстар әсері қарапайым халық қауіпсіздігін төмендетті:

– Террористер «Алматы» әуежайына басып кірді;

– Қызылордада шабуылдаушылар 9 автокөлікті өртеп жіберді;

– Талдықорғанда шерушілер экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін бұзды;

– Талдықорғанда облыс әкімдігі, полиция және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ғимараттарын басып алды;

– Республика бойынша интернет өшірілді;

– Республика алаңындағы телеарналар орналасқан ғимаратқа басып кіріп, техникалық құрал-жабдықтар талқандалды; 

Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласына жақын маңнан әскери қызметкерлер жұмылдырыла бастады. Бірақ, шерушілер мемлекеттік мекемелермен ғана тоқтап қалмай, орта және шағын бизнестерді де талқандады.

Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы қалпына келтірілуде

Фото: El.kz 

6 қаңтарда елге «террор топтары» шабуыл жасағаны хабарланды.

– Алматыда әскери қызметкерлер лаңкестерге қарсы қару қолдана бастады;

– Азаматтардың қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қатер төнуiне байланысты қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, заңдылық пен құқық тәртiбiн қалпына келтiру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Президент жарлығымен республиканың барлық аумағында төтенше жағдай енгiзiлдi;

– Жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты бірқатар әуе компаниялары Қазақстанға рейстерді тоқтатты;

– Алматы қаласында тәртіп орнату мақсатында лаңкестікке қарсы арнайы операция басталып, нәтижесінде лаңкестер бұрын басып алған әуежай босатылды. 

Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы қалпына келтірілуде

Фото: El.kz 

7 қаңтар күні бүлікшілер арасында 20 мың содырдың шабуыл жасағаны белгілі болды. Сондықтан құқық қорғаушыларға «ескертусіз оқ ату» пәрмені рұқсат етілді. Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен елде антитеррористік операция өткізілетіні жарияланды.

8 қаңтар күні республика бойынша көтерілістер сейіліп, елдегі жағдай тұрақтала бастады. Дегенмен терроризммге қарсы күрес жалғасын тапты. Ішкі істер министрлігі бұл күні күдікті ретінде 4404 адамды қамауға алды. Оның ішінде «арнайы операция» кезінде 26 адам қаза тауып, 26 адам жараланды. Ұсталғандардың арасында шетел азаматтары да бар.

9 қаңтар:

  • 5 135 тәртіпсіздікке қатысушы ұсталып, 125 сотқа дейінгі тергеу басталды;
  • Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 133 адам;
  • 516 адам әкімшілік қамауға алынды;

10 қаңтарда өңірлерде шерушілер толық таратылып, елде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Лаңкестердің зорлық-зомбылық әрекеттері құқық қорғау органдары қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар арасында көптеген шығынға ұшыратты:

– Қазақстандағы тәртіпсіздіктер салдарынан бизнеске келтірілген шығын 93 миллиард теңгені құрады;

  • 1300-ге жуық бизнес нысаны зақымданды;
  • 100-ден астам сауда орталықтары мен банктерге шабуыл жасалды;
  • 500-ге жуық полиция көлігі өртенді;

Бұл күні Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 508 қатысушысы ұсталды.

Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы қалпына келтірілуде

Фото: El.kz 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 11 қаңтардағы жағдай бойынша елде 9900 адам ұсталып, 412 қылмыстық іс қозғалды.

Астанада халықаралық әуе қатынасы толығымен қалпына келтірілді. Қазақстандағы тәртіпсіздіктен бизнеске келтірілген шығын көлемі 95 миллиард теңгеден асты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға