Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК-нің 11 қызметкері жауапқа тартылды

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК-нің 11 қызметкері жауапқа тартылды
Фото: ©AP/Sergei GRITS 15.05.2023 13:45 744

Қаңтар оқиғасына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкері жауап тартылып жатыр. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев айтты, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

 Halyq Uni - нің мәліметінше, қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызметтік тергеу жүргізілген.

ҰҚК қаңтар оқиғасынан кейін бірден қызметтік тергеу жүргізді. Бұйрық талабына және қызмет атқару тәртібіне, оның ішінде шенеуніктер жауапкершілігіне қатысты елеулі өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ заң жобасына («Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы») патриотизм мен әрбір лауазымды тұлғаның іс-қимыл алгоритміне қатысты түзетулер енгізіліп жатыр, - деді төраға орынбасары.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасы салдарынан 238 адам көз жұмды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға