Жаңалықтар

"Қаншама жерге барып емделсем де еш нәтиже болмады". Мақпал Жүнісова өткенін еске алды

"Қаншама жерге барып емделсем де еш нәтиже болмады". Мақпал Жүнісова өткенін еске алды
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal 30.11.2023 17:48 25575

Елдің сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова жеке парақшасына жиырма жыл бұрынғы сұхбатын жүктеп, қиын кезеңдерін еске алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Ол өз әңгімесінде ана болудың парыз екенін, соны ойлап денсаулығы сыр бере бастағанын айтады.

Көп ойланғаннан шашым да түсіп, ұйқым да қанбайтын қиын кезеңдер еді. Тіптішашыма ақ түсіп, денсаулығым да сыр берген. Қаншама жерге барып емделсем де еш нәтиже болмады. Бірнеше ота сәтсіз болды. Сол кезде өмірден түңіліп кеткен едім. Бірақ қызымның дүниеге келуі өмірімді күрт өзгертті, – дейді әнші.

Өнер иесі халық Заманбек екеуінің баласы болғанын қалғанын, көпшіліктің тілегі қабыл болғанын айтады.  

Құдайдан сұрамаса да бала туатын әйелдерге қызығатын едім. Маған неге бір бала бермейді деп. Барлығы құдайдың ісі екен. Туып далаға тастап кетіп жатқан замандастарымды естігенде шошимын. Менің де тілегім қабыл болып, Зәкең екеуіміз қызды болдық. Мерей өмірімді күрт өзгертті. Мінезім де дұрысталып, денсаулығым да қалыпқа келді. Мейірімді болуды үйрендім, – дейді әнші желіге жүктеген бейнежазбада. 

Оқырмандары әншіге «Мерейдің қызығын көріңіз», «Бақытты да шаттықты күндеріңіз көп болсын», « Мерейіңіз аман болсын» деп, ақ тілектерін жаудырып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға