Жаңалықтар

Қанша ресейлік спортшы Қазақстан азаматтығын алғаны белгілі болды

Қанша ресейлік спортшы Қазақстан азаматтығын алғаны белгілі болды
14.07.2023 16:30 923

2022 жылдан бастап Ресейдің кемінде он спортшысы Қазақстан азаматы атанды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спорт азаматтығының өзгеруі туралы есептерді, жарысқа қатысушылар туралы ашық деректерді, сондай-ақ спорт федерацияларының ашық тізілімдерін талдағаннан кейін спорттық азаматтығын өзгерткен немесе өзгертетін 204 ресейлік бар екенін анықтадық, - делінген "Холод" басылымы келтірген мәліметте.

Авторлардың айтуынша, Қазақстанға 10 спортшы көшіп келіп, азаматтығын ауыстырған. Ресейлік спортшылар үшін ең қонақжай ел Израиль болды – 25 адам. Екінші орында Сербия – 19 спортшы, Германия үшінші орында – 13 спортшы.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский бұған дейін 30-дан астам ресейлік теннисші Қазақстан федерациясына ауысуға өтінім бергенін мәлімдеген болатын.

Оқи отырыңыз:

Бұл 12 жастан асқан балалар, (бірақ) кәсіпқойлар, ересек спортшылар да бар, – деді ол 2022 жылдың соңында.

Тау шаңғысы спортында бақ сынайтын Ресейдің 16 жастағы абсолютті чемпионы Александра Скороходова да Қазақстанға қоныс аударып, бүгінде еліміздің атынан өнер көрсетіп жүр. Ол әлеуметтік желілерде Ресейге қайта оралуды жоспарламайтынын айтты.

Мен тек Қазақстан атынан өнер көрсетемін, осы елге жеңіс сыйлаймын, - деп жазды Скороходова.

Жақында конькимен жүгірушілер – Ресей чемпионы Кристина Силаева мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Елизавета Голубева да Қазақстан азаматтығын алғаны айтылған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға