Жаңалықтар

Қанша қазақстандық автокөліктерді қайта тіркеу қызметін онлайн пайдаланды

Қанша қазақстандық автокөліктерді қайта тіркеу қызметін онлайн пайдаланды
Фото: © Pixabay.com 17.05.2023 13:46 565

Жыл сайын автокөліктерді сатып алу-сатуды рәсімдеу және қайта тіркеу үшін ХҚКО-ға 6 миллионға жуық қазақстандық барады.

Смартфондардағы онлайн-қызметтер іске қосылғалы оны жеті миллионнан астам адам пайдаланды. Оның 5,3 миллионы автокөлікті сатушылар мен сатып алушылар. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Автокөліктерді онлайн-режимде қайта тіркеу қызметі бірқатар банктің қосымшасында пайда болған.

Аталмыш сервис сатушы мен сатып алушыға сатып алынатын/сатылатын автокөлікке салықтарды немесе айыппұлдарды тексеру мен төлеуден бастап мемлекеттік нөмірді, сондай-ақ автокөлік иесіне сатып алынған көлік құжаттары мен таңдалған нөмірді алуға ыңғайлы болатын ХҚКО-ны таңдауға дейінгі қызметтердің бүкіл циклын ұсынады, - делінген мәліметте.

ІІМ осы қызметті өзге банктің мобильді қосымшаларына шығару бойынша да жұмыс жүргізген. Енді ведомство онлайн-сервистер арқылы автокөлікті бастапқы тіркеуді іске қосуды жоспарлап отыр.

Барлық мемлекеттік органдардың ішінде ІІМ халыққа қажетті қызметтердің басым бөлігін көрсетеді. Мобильді қосымшалар қарапайым және түсінікті, ал оларды пайдалану мемлекеттік органдармен тікелей байланысуды керек етпейді, сондықтан министрлік көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді смартфонизациялауды қарқынды түрде жүргізіп жатыр, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға