Жаңалықтар

Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагима күміс медаль иеленді

Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагима күміс медаль иеленді
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 05.10.2023 20:02 660

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бокс бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аса ауыр салмақта (92 келідегі жоғары) финалда өзбек алыбы Баходир Жалолов пен қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев кездесті. Бұл жолы Жалоловтың бағы жанды.

Екі боксшы осыған рет 9 рет жолыққан.
2019 жылға дейін Қоңқабаев 3:1  есебімен алда тұрған. Одан кейін жерлесіміз осымен қатарынан жетінші рет ұтылды.

Жалпы, Азия ойындарында Қамшыбектен бөлек, Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Сағындық Тоғамбай қола жүлде еншіледі.

 Қыздардан Карина Ибрагимова (57 келі) күміс, Наталья Богданова (66 келі) қола медальға қол жеткізді.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға