Жаңалықтар

Қамшыбек Қоңқабаев: Келесі жолы Баходирді сұлатып түсіруге тырысамын

Қамшыбек Қоңқабаев: Келесі жолы Баходирді сұлатып түсіруге тырысамын
Фото: ©Olympic.kz/Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ 06.10.2023 09:11 4890

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бокс бәсекесі аяқталды. Қазақстан сапынан соңғы болып рингке шыққан аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев күміс медальмен шектелді. Жарыстан кейін боксшымен аз кем тілдесуге мүмкіндік болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қамшыбек финалға дейін аса қатты қиналған жоқ. Ал шешуі кезеңде бітіспес қарсыласы, өзбек боксшысы Баходир Жалолов күтіп тұрды. Әрине, бірінші раунда 29 жастағы Жалоловтың басымдығы байқалды. Бірақ одан кейін Қамшыбек қарқынын үдете бастады. Тіпті, үшінші раундта қарсыласы шаршап, жерлесіміз басымдық танытты. Бірақ жалпы есепте өзбек боксшысы алға шығып, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Қазақ еліне алтын сыйласам деген үлкен үміт болды. Пәлен-түген демеймін. Болар іс болды. Мойымаймыз. Құдай қаласа келесі жолы бір бас емес, екі бас жоғары болып, Парижде алтын сыйлауға Алла Тағала нәсіп етсін. Құдай қаласа сол жолда еңбек етеміз, - дейді Қамшыбек Қоңқабаев.

Қарсыласы жекпе-жек барысында физикалық тұрғыда шаршап қалғаны байқалды. Бұл туралы отандасымыз былай дейді:

Екінші раундтан бастап оның шаршағанын сездім. Бірақ қолымды көтермеген соң,  «Былай болды», «Олай болды» деп айтқан еркектікке жатпайды. Құдай қаласа келесі жолы екі бас жоғары бокстасып, сұлатып түсіруге тырысамын. Айқын жеңіспен жеңуге тырысамын. Бұдан да жақсы өнер көрсетуге мүмкіндік бар. Жекпе-жек жеңген кезде ұнайды. Мұны әрбір спортшы біледі. Алла қаласа Парижде алтын жүлдені жеңіп аламын. Іспен дәледеуге бар күш-жігерімді саламын. Сол кезде одан мықты екенімді дәлелдеймін, – дейді боксшы.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға