Жаңалықтар

Қамшыбек Қоңқабаев бокстан әлем чемпионатын аяқтады

Қамшыбек Қоңқабаев бокстан әлем чемпионатын аяқтады
10.05.2023 23:39 1163

 

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қамшыбек - ел құрамасындағы тәжірибелі боксшылардың бірі.
Оның қарсыласы - өзбекстандық Баходир Джалолов болды. 

Боксшылар алғашқы екі раундта бір-біріне қарсы шабуылға шықты. Десе де, сақтық жасауды да ұмытқан жоқ. Қолайлы сәтте соққы жұмсап, ұпай алуға күш салды. Сөйтіп екі раундта да төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді.

Үшінші раундта Қамшыбек басымдығын арттыра түсті. Қарсыласына бірнеше соққы жасап үлгерді. Алайда, бұл жеңіске жетуіне пайдасын тигізген жоқ. 

Нәтижесінде Б.Джалолов жартылай финалға жолдама алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға