Жаңалықтар

«Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруі өтеді

«Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруі өтеді
Фото: Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың баспасөз қызметі 14.03.2024 16:54 395

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры  «27 наурыз – Халықаралық театр күні» мерекесіне орай, 2024 жылы наурыз айының 16-26 күндері аралығында «Қаллеки тынысы» атты спектакльдер шеруін ұсынады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Елорда көрермендерін Қаллеки театр  өнерінің  үздік үлгілерімен таныстыру мақсатында өтетін шара аясында театр сарапшылары мен көрермен назарына 2022 жылдың наурыз айы мен 2024 жылдың наурыз айы аралығында жарық көрген премьералар көрсетіледі. Атап айтқанда, «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш», «Хат», «Бала мерген», «Үйлену», «Қыз жиырмаға толғанда», «Кешкі...7», «Жошы хан», «Қыз Жібек», «Патша көңілім, не дейсің?!.».

Театр сарапшылары спектакльдердің толық талдауын жүзеге асырып, үздіктерді анықтайды. Көрермендер театр фойесінде арнайы анкетаны толтырып, дауыс беру арқылы үздіктерге қолдау білдіре алады.

Қатысушылар cарапшылар шешімімен «Үздік ер алам рөлі», «Үздік әйел рөлі», «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі», «Екінші пландағы үздік әйел рөлі», «Үздік спектакль», «Үздік режиссер», көрермен таңдауы бойынша «Үздік Актер», «Үздік Актриса» «Үздік спектакль» сынды номинациялармен және арнайы дипломдармен марапатталады. Спектакльдер шеруінің салтанатты жабылуы 27 наурыз күні өтеді.

«Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруі өтеді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға