Жаңалықтар

«Қалаулым» жобасы неге жабылмайды? Мәулен Әшімбаев атышулы бағдарламаға қатысты пікір білдірді

«Қалаулым» жобасы неге жабылмайды? Мәулен Әшімбаев атышулы бағдарламаға қатысты пікір білдірді
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі 14.03.2024 13:27 28793

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қалаулым» (қазіргі «Бір болайық») бағдарламасының неге әлі күнге дейін жабылмағанын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұл бағдарламаның мемлекеттік арнада көрсетілмейтінін алға тартты.

«Қалаулым» («Бір болайық») бағдарламасы мемлекеттік арнада емес қой. Арнаның бір өзіндік саясаты бар шығар. Мәдениет және ақпарат министрлігі де осы мәселеге байланысты ұстанымдарын білдіретін болар. Сондықтан бұл сұрақты сол министрлікке қойған дұрыс, - деп жауап берді Сенат төрағасы.

Айта  кетейік, Сенат төрағасы бұған дейін «Хабар» арнасындағы «Бірақ...» бағдарламасы төңіріндегі дауға қатысты пікір білдірген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға