Жаңалықтар

Қалалықтар күнбағыс майын ауыл тұрғындарына қарағанда аз тұтынады

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті
Қалалықтар күнбағыс майын ауыл тұрғындарына қарағанда аз тұтынады
Фото: qazaly.kz 27.10.2022 09:56 1520

Орта есеппен екінші тоқсанда жан басына шаққанда үй шаруашылықтары 3,5 литр күнбағыс майын тұтынған, деп хабарлайды El.kz

Ауыл тұрғындары үй шаруашылығында тоқсанына 3,7 литр май жұмсаса, қалалық жерлерде тұтыну көрсеткіші 3,3 литрді құрады. Қыркүйек айында күнбағыс майының бір литрі бөлшек саудада орта есеппен 891 теңгеден сатылды.

Ал өңірлер арасында күнбағыс майының ең қымбат бағасы Қонаевта (1001 теңге) тіркелген, ал ең арзан баға Өскемен қаласында. Ондағы майдың бағасы литрына 743 теңгеден.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға