Жаңалықтар

Qala Qyzmet-те биыл 90 мыңнан астам қызмет көрсетілді

Qala Qyzmet-те биыл 90 мыңнан астам қызмет көрсетілді
Фото: Adobe Stock 16.05.2023 16:45 1411

Бұл туралы бүгін Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК басшысы Асқар Тақсымов айтты.

Оның сөзінше, Qala Qyzmet жобасы жұртшылыққа «IQala» ретінде белгілі және 2019 жылы елорда әкімдігі тарапынан «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында бұрынғы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен іске қосылған.

Қазіргі таңда жоба «Qala Qyzmet» деген атауға ие және Астана қаласы әкімдігінің «iKOMEK109» «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК құрамына кіретін Қала қызметтері департаменті тарапынан жүзеге асырылады. «Qala Qyzmet» қала тұрғындары, әкімдік, коммуналдық қызметтер өзара іс-қимыл жасайтын Қазақстандағы бірегей және алғашқы қалалық хаб. Осылайша елорда монополистердің қызметтерін «бір терезе» қағидаты бойынша бірінші болып біріктірді, - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде түрлі дәрежеде кедергі келтіретін үдерістердің бәрін жойып, оларды автоматтандыру керек. Азаматтар сапалы мемлекеттік қызметті ешқандай қиындықсыз, автоматты түрде алуы тиіс.

Осы орайда жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің шешімімен халыққа коммуналдық қызметтерді көрсету тұрғысынан «ортақ» функцияларды оңтайландыру мақсатында «iKOMEK» орталығы мен «iQala» жобасының функцияларын біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілді. «iKOMEK» орталығы Қаланың бірыңғай толыққанды Жағдаяттық орталығы қызметін атқарады. Астана қаласы әкімдігін трансформациялаудың бірінші кезеңі аясында 2018 жылы «109 кезекші қызметі» ММ, әкімдіктің байланыс орталығы мен Астана қаласы әкімдігінің Жағдаяттық орталығының бейнебақылау мониторингі тобын біріктіру арқылы «iKOMEK» құрылды, - деді ол.

iKOMEK109-дың негізгі міндеті – қала тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру, яғни туындаған түйткілдерді жылдам шешуге көмектесу. Қала халқының саны қарқынды түрде өсіп келе жатқанын ескерсек, күнделікті орталыққа орта есеппен 6 мыңнан 10 мыңға дейін өтініш келіп түседі. iKOMEK109 өзі жұмыс жасап бастаған кезең ішінде 10 млн-нан астам өтініш қабылдады.

Орталық жұмысының негізгі бағыттары:
- қала тұрғындарының өтініштерін қабылдау;
- инциденттер мен апаттар кезінде коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру;
- инциденттердің уақытылы шешілуін бақылау, құқықбұзушылық инциденттерін анықтау және өңдеу;
- қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы қаладағы жағдаятқа жедел бақылау жүргізу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға