Жаңалықтар

Путинцева Будапеште өткен турнирде жеңіліп қалды

Путинцева Будапеште өткен турнирде жеңіліп қалды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 20.07.2023 06:30 592

Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Доданың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған америкалық Клэр Льюмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда америкалық спортшы 6:3 есебімен басымдылық танытты.

Екінші сетте Ю.Путинцева 4:0 есебімен алға кеткенімен, сол үстемдігін сақтап қала алмады. Тай-брейкте К.Лью жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).

Екі сағат 12 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Ю.Путинцева 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 6 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

К.Лью жартылай финалға шығу үшін әлемнің 83-ракеткасы, словакиялық Анна-Каролина Шмидловамен таласады. Ол рейтингте 99-сатыдағы германиялық Тамара Корпачты тізе бүктірді – 4:6, 6:2, 6:3.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға