Жаңалықтар

Путин АӨСШК елдерінің саммитінде көзқарасын білдірді

Сондай-ақ Ресей президенті өз ұсынысын да жеткізді
Путин АӨСШК елдерінің саммитінде көзқарасын білдірді
Фото: Ақорда 13.10.2022 12:31 791

Бұл туралы АӨСШК елдерінің саммитінде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мәлімеді, деп хабарлайды El.kz Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ресей Азияның дамуы мен өркендеуін, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық кеңістігін құруды жақтайды.

Жаһандық саясатта күрделі өзгерістер болып жатыр. Әлем көпполярлы болып келеді. Қазіргі таңда Азия шешуші рөл атқара бастады, - деді Ресей президенті Владимир Путин саммитте.

Айтуынша, Ресей АӨСШК-нің бүкіл елдерімен көп қырлы негізде қарым-қатынастарын дамытуды жалғастырады.

Сонымен қатар Путин саммит мүшелерін аймақтағы тауарларды жеткізу тізбегін қалпына келтіру үшін барлық жасанды кедергіні жоюға шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға