Жаңалықтар

«ПСЖ» ресми сайтынан Мбаппенің суретін өшіріп тастады

«ПСЖ» ресми сайтынан Мбаппенің суретін өшіріп тастады
Фото: instagram.com/k.mbappe 03.08.2023 16:30 858

«ПСЖ» футбол клубы сайттың басты бетінен Килиан Мбаппені өшіріп тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылар париждік клуб тарапынан бұндай істі жұлдызды шабуылшының командадан кеткісі келетінімен байланыстырады. Бұдан бұрын, Киллиан Жапонияға ұжыммен маусым алдындағы турға бармаған болатын.

Енді Мбаппенің суреті ПСЖ ресми сайтының мұқабасында жоқ. Суретте Неймар, Марко Верратти, Маркиньос, Люка Эрнандес және Ли Кан И, - деп мәлімдеді шетелдік БАҚ құралдары.

«ПСЖ» ресми сайтынан Мбаппенің суретін өшіріп тастады

Айта кетейік, Мбаппе 2017 жылдың жазында ПСЖ ойыншысы атанған болатын. Өткен маусымда ол 43 ойында 41 гол соғып, 10 мәрте нәтижелі пас берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға