Жаңалықтар

ПСЖ мен «Реал» Мбаппе бойынша келісімге келді

ПСЖ мен «Реал» Мбаппе бойынша келісімге келді
Фото: © Getty IMAGES 10.12.2023 14:53 706

Француздың ПСЖ мен Мадридтің «Реал» клубтары келесі маусымда париждіктердің 24 жастағы шабуылшысы Килиан Мбаппеге қатысты келісімге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Sport.fr мәліметінше, ПСЖ Мбаппе үшін ақшалай өтемақы мен бонус ала алады. Ал француздің өзі жылына 35 млн еуроа алады, сол арқылы ол «Реал Мадрид» ойыншылары арасында ең көп жалақы алатын футболшы атанбақ. Сондай-ақ Мадрид клубы Мбаппеге өзінің бейнесін алаңнан тыс пайдалануға да рұқсат береді, бұрын-соңды «корольдік» клуб мұндай қадамға барғаан емес.

Естеріңізге сала кетейік, француз шабуылшысының ПСЖ-мен қолданыстағы келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Осы маусымда Мбаппе 1 лига аясында ПСЖ сапында 14 матч өткізіп, 15 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға