Жаңалықтар

ПСЖ Мбаппеге талап қойды

ПСЖ Мбаппеге талап қойды
Фото: ibstagram.com/k.mbappe 14.06.2023 17:30 590

Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппенің осы жазда "Реалға" кетпейтіні туралы мәлімдемесі "Пари Сен-Жермен" ұстанымын өзгертпеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, ПСЖ Мбаппеге таңдау қойыпты: ол жаңа келісімге қазір қол қояды немесе клубтан кетеді, өйткені париждіктер футболшыны тегін жібере салғысы келмейді. 

Сонымен қоса, ПСЖ басшылығы Мбаппенің келісімшартты ұзартқысы келмсейтіндігіне өте қапалы екен, әсіресе клуб президенті Нассер Әл-Хелайфи.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға